Келер көктемге қамданыс

Қаражал қаласына қарасты Ақтай елді мекенінде келер жылдың су тасқынына қарсы әзірлік жұмыстары жүргізілді. Дәстүрлі шараны өткізуге жергілікті атқарушы билік те атсалысқан.

 – Бұған дейін байқағанымыздай, қызыл судан елді мекендерді қорғауда инженерлік құрылыстардың көмегі зор. Судан қорғау бөгеттерін тұрғызу, арықтар салу сияқты инженерліктехникалық іс-шараларды дер кезінде жүргізу нәтижесінде, табиғи апаттың салдарын анағұрлым азайтуға мүмкіндік туды, – дейді Қаражал қаласы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е.Әбеев.

Мәселен, биыл Ақтай елді мекенін қызыл судан қорғау үшін ұзындығы 2400 метр, биіктігі 1,5 метр бөгет нығайтылды. Бұл жұмысты жүргізуге «Каражал оперейтинг» ЖШС-нің техникасы жұмылдырылды.

Қуаныш Аманқұлов,
«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.