Жаңалықтар

Тойға ақша іздеген полицей көлік жүргізушісін басынан атып өлтірген

Қарағандыда «Тойоты Камри» 55 маркалы автокөлікті сату үшін көлік иесін табелдік қарумен қасақана атып өлтірген теміртаулық полицейдің соты жүріп жатыр, – деп хабарлайды Ortalyq.kz

Тергеу дерегінше, полиция сержанты жақында үйленуі керек болған. Қымбат ресторанды жалға алып, шақыру билеттерін де шығарыпты. Әйтсе де, дүркіретіп той жасау үшін қаражаты жетпей қалған. Сондықтан арам жолмен ақша табуды көздейді. Интернеттегі жарнамадан қымбат көлік сатушыны тауып, кешкі уақытта кездесуге көндіреді. Алдын ала сим-карта мен телефон сатып алады. Қарағанды қаласындағы “Ескі әуежай” маңында “Тойота” маркалы көліктің иесімен кездесіп, сол жерде оны басынан атып өлтіреді. Ал мәйітті Ростовка елді-мекені маңындағы су қоймасына батырып жіберген. Осыдан кейін түк болмағандай жұмысына барып, әріптесінен қосалқы оқ сұрап алып, табелдік қаруын өткізеді. Белгілі болғандай, полицейдің әріптесі өз үйінде заңсыз оқ дәрі сақтап келген. 

Қаза тапқан азаматтың әйелі күйеуі келмеген соң алаңдап, полицияға арыз жазады. Бірнеше күн өткен соң жедел іздестіру шаралары барысында сержанттың былығы әшкереленіп, айыбы дәлелденді. 

Дереккөз: Liter.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button