«Азаматы жақсы ауыл азбайды»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы төңірегінде туған жерінің барын бағамдап, жоғын түгендеуге, перзенттік борышын өтеуге ниетті азаматтар қатары баршылық. Солардың бірі – Елбасы ұсынған «100 жаңа есім» жобасына үміткер, кәсіпкер – Нұрлан ҚАЛТАЕВ.

Нұрлан – бүгінде белді кәсіпкер. Атап айтсақ, «Abadan» спорт клубының басшысы, Қарағанды қаласында «Баракят» халал рестораны, құрылыс саласына маманданған серіктестігі бар.

Елдің алғысына бөленіп жүрген Нұрлан Айтмұхамбетұлы туған жеріне шарапатын тигізуден, әсте, аянған емес. Сөзіме дәлел, Қарқаралы ауданының Қоянды ауылында жүз адам сыятын мешіт тұрғызып, халық игілігіне ұсынғалы бірнеше жыл болды. Туған жеріне Елбасы Жолдауында айтылғандай, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында шағын футбол алаңы мен «Болашақ» балалар ойын алаңын тарту етті. Сондай-ақ, Қазақ хандығының 550 жылдық тойына орайластырып, 130 түп алма ағашын отырғызып, бау-бақшаның қақ ортасынан субұрқақ орнатқан.

2016 жылы Нұрлан Айтмұхамбетұлы «Abadan» клубын құрды. Бұл жекпе-жек спортының жаттығу залы. Клубта UFC жекпе-жегін өткізетін замана талабына сай шаршы алаң да бар. Кәсіпкер осы арқылы қазақ балаларының арасынан болашақ чемпиондарды дайындамақ.

«Жетімін жылатпаған қазақпыз». Осы мақсатта Қоянды ауылында он бөлмелі, тұрмыстық қажеттіліктерімен қамтамасыз етілген баспана салып беріп, балалар үйінен сегіз бала асырап, сауапты істің ұйытқысы болды.

 – Бұл шаруаларды елден мақтау есту үшін жасамаймын. Бар мақсатым – туған еліме аз да болса пайдамды тигізу. Балалардың тәрбиесі мен күнкөрісіне, оқуға түсуіне, отбасын құруына, баспаналы болуына қолымнан келгенше көмек көрсетемін. Ең бастысы – туған ауылымның іргесі сөгілмей, берекесі арта берсе болғаны, – дейді Нұрлан Қалтаев.

Ел ертеңіне қажырын аямаған арда азаматқа қолдау білдірейік.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.