Жаңалықтар

         Әлемде шахмат – ақыл-ойды дамытатын спорт түрі болып саналады. Шахмат сөзінің мағынасы патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Біз жеке тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік беретін шахмат ойынының тарихына үңіліп, бірнеше сырын есте сақтап

жүрміз бе?

Ежелден жеткен аңыздарға сүйенсек, шахматты ең алғаш болып біздің дәуірімізге дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты. Бұл аңыз шындыққа жанасады. Тақтасы 64 шаршыдан тұратын шахматтың бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка фигурасына қарап-ақ пайымдауға болады. Өйткені, үндістандықтар пілді ертеден асырап пайдаланып келеді.

Бүкіл әлемді жаулап алған шахмат ойыны о баста соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын үйрету құралы болған. Мәселен, Парсыны жаулап алуы исламда әлемінің осы ойынды жетік меңгергендігінен деп топшылайды тарихшылар. Алайда, Арабтар аталмыш ойынды «шатрандж» деп атаған. Бірақ, исламда тақтай бетіндегі таста адам мен жан-жануарлар мүсінінің салынуына тыйым салынған. Діни қақтығысқа жол бермеу үшін сәулетшілер шахмат фигураларын белгісіз бейнелермен алмастырды. Ислам дінін қабылдаған біздің еліміз 1969 жылғы қазақ жазуының соңғы орыстандыру емле реформасына дейін қазақ тілінде дәстүрлі «шатыраш» атауымен белгілі болды.

1851 жылы Лондонда шахматтан тұңғыш рет халықаралық турнир өткізілді. Онда Андерсен деген шахматшының жұлдызы оңынан туып, бірінші және екінші жарыста жеңімпаз атанды. 1867 жылы Парижде өткен додада Колиш жеңімпаз атанды. Матчта алға шыққан Стейниц алғашқы әлем чемпионаты атанған. Шахматтан ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары дәрежелі атақты иеленді.

Шахмат – сезіну, шапшаңдық, шыдамдылық және аналитикалық ойлауға, өзі үшін күресе білуге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына зор ықпал еткен. Адам баласының дүние танымын кеңейтуге, сөздік қорды молайтуға, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндерге көп септігін тигізетіндігі ғылыми түрде дәлелденген.

Шахмат тастарын қалыптастырушылардың бірі Цессолес өз заманында: «Шахмат тақтайшасындағы әрбір тастың өмірдегі атқаратын құқығымен қатар, міндеттері бар»,– деп бекер айтпаса керек.

Маржан терген Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button