Жаңалықтар

1000 теңгеге – баспана

Елбасы Жастар жылында жас буынға қоғамдық өмірге белсенді атсалысуды міндеттеген болатын. Оның ішінде, атап айтсақ, жастардың рухани әлемін байыта отырып, қоғамға пайдасын тигізетін іске баулу – маңызды. Осы орайда облыстық дін істері басқармасы жастар арасында салауатты әрі белсенді өмірді насихаттау мақсатындағы шараларды жиі өткізіп тұрады. Басқарма мен «Харекет» қайырымдылық қоры мұрындық болған футбол жарысында аймақ жастары сауапты шараның сәтті өтуіне үлес қосты.

Турнирге Қарағанды облысына қарасты елді мекендерден 26 команда қатысты. Әр команда жарысқа қатысу үшін алдын-ала қосымша жарна ретінде 10 000 теңгеден төлеп, қайырымдылық көрсетті. І орынды Ақадыр кентінің командасы жеңіп алды. ІІ орынды Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің командасы иеленсе, ІІІ орынды Теміртау қаласының жастары еншіледі.

Жанболат СЕКТАЙ, Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығының директоры:

– Шараның маңызы – сауап алу мақсатында болғандықтан, дін саласымен ұштасып жатыр. Облыстың дін істері басқармасы өңіріміздегі дін саласын жүзеге асыратын өкілетті мекеме ретінде шараның өтуіне тікелей атсалысты.

Ал, «Харекет» қайырымдылық қоры бүгінде көмекке мұқтаж жандар үшін қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүр. Турнирде әр команда өзінің жарнасын өтеу арқылы жарысқа қатысуға мүмкіндік алды. Жиналған қаражаттың барлығы «Харекет» қорына аударылып, көмекке мұқтаж жандарға жұмсалады. Қаражат есебінен көпбалалы отбасылар, жалғызбасты әкелер, мүгедек балалары бар отбасыларға үй беріледі

Айта кеткен жөн, «Харекет» қайырымдылық қоры 2017 жылы жұмысын бастады. Қорды құрушылардың бірі Гүлмира Мұқанқызы бұл жөнінде фейсбук прақшасына «Мұсылман бауырлар әр айда 1000 теңгеден 5 мың адам 5 млн.теңге жинасақ, бір мұқтаж жанға (міскінге) бір үй алып берер едік. Мүмкін қайырымды жандар одан көп болып жатса, екі адамға қол ұшын созармыз. Ол кісілердің қуаныш көз жасын көру қандай бақыт десеңізші. Жақсылық жасап жарыссақ. Сіздер қалай ойлайсыздар?.. Ол кісілерді табуға мешіттер көмектесер. Жержерден еріктілер табыла жатар. Жылына 15-20 адамды бақытты қылсақ…» деп жаз ған болатын. Осы мақсатта құрылған қор көп кешікпей Қазақстанның қалаларында филиалдарын ашып, жұмысын бастады.

 – Облыстың дін істері басқармасы көптеген қайырымдылық шараларын өткізуге қол ұшын созады. Басқармалар тиісінше еріктілерге осылай көмектессе халықтан айына кем дегенде миллион теңге жиналып, қорға аударылып отырады. Осылайша баспанаға мұқтаж жандардың мәселесін шешеміз. Жалпы қор ашылған бір жылдың ішінде еліміз бойынша 86 баспана берілді. Соның ішінде 10-ға жуық баспана Сәтбаев, Жезқазған, Шахтинск қаласының тұрғындарына берілді, – дейді «Харекет» қайырымдылық қорының Қарағандыдағы еріктісі Аяулым Манап.

Турнир күні еріктілер «Жастар» спорт кешенінде жәрмеңке ұйымдастырды. Көрерменге өздері дайындаған тәтті, дәмділерін ұсынды.

Бүгінде халықтың демеуімен жетімжесірлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты аналарға үй немесе жер телімін алып беруге қол ұшын созған қордың құрамында 80 қарағандылық ерікті бар.

Басқа материалдар

Back to top button