Ресми

Сауда және интеграция министрінің халықпен есептік кездесуі

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың есеп беру үшін халықпен кездесуі 17 маусымда өтеді.

Кездесу сағат 15.00-де оnline режимінде өтеді:
– ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» мен министрліктің Facebook парақшаларында және YouTube-те трансляциялау жүргізіледі.

Құрметті қазақстандықтар, өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрге келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыздар:
– «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогы (https://dialog.egov.kz/blogs/2293760/welcome);
– Министрліктің ресми сайтында онлайн-қабылдауындағы «сұрақ-жауап» бөлімі (https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/virtual-reception/1?lang=ru);
– электрондық мекенжайы: ask@mti.gov.kz;
– сондай-ақ Министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасына хабарласу арқылы.

Бұл ретте, «Есептік кездесу үшін» деген белгіні қою қажеттігіне назарларыңызды аударамыз. Бұл сұрақтарға Министр тікелей эфирде жауап береді.

Сұрақтарыңызды өңдеу үшін, әрі олар бойынша сапалы және дұрыс ақпарат даярлау үшін уақыт қажет болуына байланысты сұрақтарыңызды 10 маусымға дейін жіберуіңізді сұраймыз.

Анықтама  телефондары: (8-7172) 74-98-97, 8-701-701-01-34.

Басқа материалдар

Back to top button