Коронавирус

Қарағанды облысында тағы 14 адам COVID-19 індетін жеңді

Қарағанды облысында 31 мамырда коронавирус індетінен сауығып шыққан 14 науқас ауруханадан шығарылды.

Сауыққан тоғыз қарағандылықтардың ішінде: 2008, 2015, 2018 жылдары туылған балалар, 1967, 1979, 1985 жылғы ерлер, 2000 жылғы жас жігіт және 1994 жылы туылған әйел; Саран қаласының 1980 және 1988 ж.т. екі тұрғыны; 1972, 1976 және 1982 жылғы үш Теміртау тұрғындары бар.
Дәрігерлер бұрын оларға орта ауырлықтағы КВИ диагнозын қойған болатын.
Толық емдеу курсынан өткен соң және ПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін пациенттер үй карантинін сақтау шартымен ауруханадан шығарылды.

31 мамырдағы мәліметке сай, сауыққандардың жалпы саны 243 адамды құрады.

Басқа материалдар

Back to top button