ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңаарқа ауданының кіре берісіндегі жылыжай толық іске қосылып, алғашқы қызанақ пен қияр өскіндері отырғызылды. Мұнда сапалы көкөніс өнімдерін алу үшін барлық жағдай жасалған. Айта кетсек, арнайы құдық қазылып, тамшылатып суару жүйесі тартылды. Сонымен қатар, жылу қазандығы орнатылды, жылу жүйесі іске қосылды. Отырғызылған өскіндерден 3 ай мерзімінде 40 тоннаға дейін өнім алынады деп көзделуде. Əр маусымда (3 ай сайын) жылыжай жоспардағындай өнім беріп тұратын болса, жылына 120 тоннаға дейін көкөніс өнімдерін алуға болады.
Бұл жылыжайдың иесі ауданымыздың тұрғыны – Мұқы Əлібек. Жас кəсіпкер жылыжайды тұрғызу үшін мемлекеттік “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы жəне “КазАгро” қаржы институттары арқылы жеңілдікпен 18 млн. көлемінде несие алып, бұл жобаға жалпы көлемі 25 млн. теңге қаражат жұмсады.
Индира Асамиданова,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.
Жаңаарқа ауданы.