АймақШахтинск

Жылу энергетикасы: өңір өмірінде

Шахтинск қаласы – Қарағанды облысының өнеркәсіптік ауданы. Шаһардың өнеркәсіптік базалық саласын қайта өндеу, электр энергиясын заман ағымына сай таратуда, экономикалық дамуында тиісті кәсіпорындарының алар орны зор. «Шахтинсктеплоэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Шахтинск қаласын жылумен жабдықтайтын жалғыз қайнар көзі. Жылу электр орталығы қолданысқа 1964 жылы тапсырылған. Мұнда жылыту кезеңіне дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Шахтинск қаласы

– Бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес, биыл Индустриальная көшесі бойындағы кірпіш зауыты ауданындағы магистральдық құбыр учаскесін қосымша құн салығынсыз 23 млн. теңге сомасына жаңалау жұмысы жоспарланды. Жұмыс кестеге сай жалғасын табуда. Сараптау кезінде Молодежная көшесінің бойындағы магистральдық құбырлардың тозығы жеткені анықталды. Алдағы уақытта оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында құбырларды ауыстыру шаралары жедел түрде қолға алынды. Мердігер – «Bolashak Build Company» компаниясы тарапынан Табиғи монополияларды реттеу комитетіне инвестициялық бағдарламаға тиісті өзгерту енгізуге өтінім жолдады. Комитет ұсынысты қарастыру үстінде, – деп баяндады «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС директоры Мұрат Әлімов.

Бүгінгі күнде компания жылумен 250 көпқабатты тұрғын үйді, 25 әлеуметтік, 17 білім беру нысанын, төрт медициналық мекемені, үш мәдениет және бір спорт объектісін қамтиды. Оған 15 әкімшілік нысанды қосыңыз.

Еске салып өтелік, «Инвестицияларға айырбастау тарифі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвест бағдарламаға бюджет қаражаты есебінен орындалатын және тарифтің шамасына әсер етпейтін жалпы сомасы 77 миллион теңгеге 536 метр жылу желілерін ауыстыру бойынша қосымша іс-шаралар енгізілген еді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігерлермен тиісті келісімшарттар жасалып, жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті ұйытқы болған баспасөз турына қатысушылар Жеңістің 40 жылдығы мен К.Маркс көшесіне дейінгі магистральдық құбырларды жаңалау бойынша орындалған жұмыс барысымен танысып, жылыту маусымына даярлық деңгейіне көз жеткізді. БАҚ өкілдері компания қызметіне, сондай-ақ кәсіпорынның жұмыс жоспарын уақытылы әрі сапалы орындалуына қатысты сауалдарын жолдап, құзырлы мекемелер өкілдерінен тиісті жауап алды.

Инвестициялық бағдарламадағы барлық шара Шахтинск қаласының тұрғындары мен кәсіпорындарын жылу энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталғаны аталды. Бұл ретте кешенді амалдардың бір бөлігі алдағы жылдары қаланың тыныс-тіршілігін қолдау үшін ерекше маңызға ие.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button