Жаңалықтар

Жыл он екі айдың төресі

«Сатқан емен
Сатпаймын дінімді мен.
Өлмейтұғын, өшпейтін
күнім білем.
Алла есімі – жүрегім
жұдырықтай,
Жүрегімнің соққанын
біліп жүрем».
М.МАҚАТАЕВ.

Біз – 70-80 жылдар аралығында адамзат өмірінде сан ғасырлар бойы қалыптасқан сана-сезімнен, наным-сенімнен адалану, мәңгүрттену бағытында тәрбиеленген ұрпақпыз.  Ұлы хакім Абай, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов тәрізді халыққа жанашыр, ақ жүректі, адамгершілікті уағыздаушы жандардың сөзін оқымай, білмей өмір сүрдік. Алайда, ХХ ғасырдың соңынан бастап елімізде басқаша сана самалы есіп, есеңгіреген және есесі кеткен қалың жұрт қайта серпілердей күн туды.
Көптен көмулі жатқан, көлеңкеде қалған рухани қазынамызды қайта табуға, онымен көңілімізді жұбатып, кемшілігімізді толықтыруға мүмкіндік алдық. Осындайда Алла кітабы – Құранда, оның сүрелері мен аяттарында, Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде баяндалған мұсылмандық шарттары мен ережелерін халқымыздың жаппай игілігіне, ортақ рухани қазынасына айналдырудың маңызы ерекше.
Бұл тұрғыда қазір Саран қаласы мешітінің бас имамы Мұхаметқали қажы Сапарғалиұлы,  ол кісінің көмекшісі Сайлау қажы Шамшенов тәрізді азаматтар бірқатар нақты шаралар өткізуде.
Құрметті мұсылман қауымы, исламның бес шартының бірі – ораза қабыл болсын! Беретін зекет, пітір садақаларыңыз игілікке жұмсалсын!
Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін!
Алла барлығымызға сауаптан жазғай!

Сәуле ӘБЖАНОВА,
зейнеткер.
САРАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button