Медицина

ЖРВИ: аурудың алдын алу шаралары

Тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциясы (ЖРВИ) барлық жас мөлшердегі адамдар ауыра беретін, бүкіл әлемге таралған инфекциялардың бірі. Бұл инфекциялардың жалғыз көзі және таратушысы – науқас адам.

Сурет finance.digitalbusiness.kz

ЖРВИ мен тұмаудың адамнан адамға жұқтырылуы мен таралуының негізгі жолы ауа тамшылары болып саналады (әңгімелесу, жөтелу, түшкіру кезінде). Сондай-ақ, тұмау және ЖРВИ вирустарының таралуы науқастар мен оның айналасындағы адамдар жеке гигиена ережелерін сақтамаған жағдайда, оның ішінде өңделмейтін және дезинфекцияланбайтын қоғамдық күтім құралдарын (сүлгілер, мұрын орамалдары, ыдыс-аяқтар және т.б.) пайдаланған кезде тұрмыстық-қатынас жолымен де жұқтырылуы мүмкін

Тұмау қауіпті асқынуларды (пневмония, бронхит, жүректің, бүйректің, мидың және басқа да ағзалардың зақымдануы) және созылмалы аурумен ауыратын адамдарды өлімге әкелуі мүмкін. Тұмаудың алғашқы белгілері ағзаға түскен вирустық бөлшектердің санына, адамның иммундық жүйесінің күйіне, вирус түріне байланысты туындайды. Ауру бірнеше сағаттан 2-4 күнге дейін созылатын инкубациялық кезеңнен басталады. Аурудың белгілері өте жіті, тез асқынады.

Шахтинск аймағы бойынша эпидемиологиялық маусым басталғаннан бастап 2024 жылғы 1 қазан мен 15 қараша аралығында ЖРВИ-ның 231 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық құрылымында 14 жасқа дейінгі балалар 58,9%-ды құрайды.   Өткен 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың 1,9 есе өсуі байқалады.

Жіті вирустық инфекцияларымен аса тәуекел топтағылар жиі ауырады.  Бұл санатқа балалар, аяғы ауыр әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, соның ішінде медицина қызметкерлері, жабық мекемелердің контингенттері (балалар, қарттар үйлері және т.б.) кіреді.   Олардың арасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, иммунотапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері және екінші және үшінші триместрдегі әйелдер вакцинацияланады. Осы тәуекел топтардың әрқайсысы аурудың ең ауыр түрлерімен ауыруы мүмкін. Бұл жағдайда уақытылы иммундау аурудың ауыр өтуін мейлінше азайтады.

Иммундау үшін эпидемиологиялық маусымда бір вакцинация алу жеткілікті, оны ауру көтерілгенге дейін, тұмаудан қорғайтын күшті иммунитетті қалыптастыру үшін жасау керек. Вакцинацияланған адамның тұмауға шалдығу ықтималдығы аз, ал жұқтырған жағдайда ол жеңіл өтеді.

«Шахтинск қаласының Емханасы КМК-де, «Гиппократ» ЖШС-да жас мөлшерлері және контингенттер бөлінісінде тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын  халықтың «тәуекел топтарының»  жоспарлары құрылды. Жоспар бойынша «тәуекел тобындағы» 9050 адамның вакцинациялануы жоспарланған болатын, барлығы вакцинацияланды, орындалуы 100%.

Жұмыс берушілер есебінен («Qarmet» АҚ) 240 адам тұмауға қарсы екпе алды.

Эпидемия кезінде де тұмау мен ЖРВИ алдын-алу денсаулықты сақтаудың кепілі болып табылады. Ең бастысы-бұл іске барлық жауапкершілікпен қарап, өзіңізді және жақындарыңызды инфекциялардан қорғауға мүмкіндік беретін қарапайым ережелер туралы ұмытпау.

– Адамдар көп жиналатын орындарда, әсіресе жабық үй-жайларда болу уақытын шектеу;
– Жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналатын орындарда бір рет қолданылатын маскаларды пайдалану;
– Мүмкіндігінше түшкіру немесе жөтелу сияқты ауру белгілері бар адамдармен байланысты шектеңіз;
– Жөтелу этикетін сақтау, яғни жөтелгенде, түшкіргенде аузы мен мұрнын орамалмен жабу;
– Әсіресе көшеден немесе қоғамдық көліктерден кейін қолды сабынмен жиі және жақсылап жуу, гигиеналық және дезинфекциялық заттармен үнемі өңдеп отыру өте қажет;
– Әсіресе көше мен қоғамдық көліктен кейін мұрынның ішін тұзды ерітіндімен шаю,;
– Өзіңіз отыратын үй-жайды жиі желдетіп тұру;
– Өзіңіз отыратын үй-жайларға ылғалды жинау жұмыстарын үнемі жүргізіп тұру;
– Үй-жайдағы ауаны ылғалдандыру, жалпы қолданыстағы заттарды (есіктің тұтқалары, крандар және т.б.) және барлық нәрселердің беттерін үнемі сүртіп тұру;
– Құрамында С дәрумендері бар тағамдарды мүмкіндігінше көп жеу;
– Өзін-өзі емдемеу, уақытылы медициналық көмекке жүгіну.

Санжар ИРИСТАЕВ,
Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button