Рухани жаңғыру

Жолдау жаңғыруға жетелейді

           Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен сарапшылар клубының мүшелері Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылады. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесіне қолдау көрсетті. Сондай-ақ, «Достық аймағы» журналының шығармашылық жоспарын талдады.
Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Е.Мұсабеков төрағалық еткен отырысқа Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Тілеубек Камалиев, сондай-ақ, аймақтық БАҚ басшылары, журналистер қатысты.
Е.Құсайын Елбасының әрбір Жолдауы қазақстандықтар үшін ерекше рөл атқаратынын атап, биылғы Жолдаудың ерекшеліктеріне тоқталды. Оны насихаттаудағы клуб мүшелерінің белсенділігін тілге тиек етті. “Елбасының Жолдауы елімізді қарқынды дамуға бағыттап отыр. Ұлттық даму идеясын жоспарлы жүзеге асыруға аймақтық БАҚ қызметкерлері де белсенді атсалысуы тиіс», – деді. Елбасы атап көрсеткен цифрландыру дәуіріне лайық жасалып жатқан шаралар мен алда тұрған келелі міндеттерге тоқталып, шетелдік тәжірибелермен бөлісті. Сол арқылы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы БАҚ ақпараттарының мазмұнын тереңдетіп, сапасын арттыруға шақырды. Сондай-ақ, аймақ журналистерінен Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына белсенді атсалысуын сұрады.
Осы ретте атап өткен жөн, қазіргі таңда толеранттылық, сананы өзгерту, адам капиталы Жолдаудағы негізгі лейтмотив ретінде облыстық ҚХА жұмыстарынан көрініс табуда. Оның үстіне Елбасы келешекте әрбір азамат қазақ, орыс, ағылшын тілін еркін меңгеруіне мейлінше жағдай жасалуы керектігін атаған болатын. Бұл туралы «Достық аймағы» журналының бас редакторы Наталья Красникова: «Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазақстандық қоғамды және әрбір қазақстандықты жоғары білімді және рухани бай халық ретінде көрсетеді. Қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобаларды қамтиды. Ал, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау елімізді дамытудың жаңа деңгейіне көтеруге өз септігін тигізіп, әрбір тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігін артыруға жұмыс жасайды» – деді.
Тазагүл ПІШЕНБАЕВА, «Нұра» газетінің редакциясы» ЖШС бас редакторы:
– Елбасының Жолдауымен танысып шықтық. Елдің даму биігі жолындағы әр қадамын шегелеп көрсеткен осы Жолдау ел көңіліне сенім ұялатты. Мемлекет басшысы Жолдауда әлемнің озық 30 елінің қатарында болу үшін үш тілді қатар білуді атап көрсетті. Осы орайда, Нұра ауданында 2014 жылдан бері ағылшын және мемлекеттік тілді оқыту курстары тегін ұйымдастырылуда. Осы күнге дейін қазақ және ағылшын тілдерін үйрену курстарын 600-ге жуық нұралық оқып шықты. Ауданда 2 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар әртүрлі шаралар ұйымдастырады. Нұра ауданында бүгінгі күні 35 ұлт пен ұлыс өкілдері ауданда этникаралық келісімді нығайтуға үлестерін қосуда.
Ал, «Достық аймағы» журналы туралы жақсы пікірлер айтылды. Клуб мүшелері журналды бірлескен жобаға айналдыруға дайынбыз.
Жиында сөз алғандар Жолдауды халыққа насихаттаудың тиімді жолдарын атады. Ал, «Граждане Казахстана» ҚБ жобалар жетекшісі Дмитрий Полтаренко «Жолдауда ең алдымен басты күш – адами капиталға түсіп тұр. «Рухани жаңғыру» аясында Елбасы әрбір азамат өз елінің тарихын, мәдениетін, тілін білуі тиіс деп атап өтті. Оның ішінде үштілділікті меңгеру жағы ҚХА- мен тығыз байланысты. Қазіргі таңда үш тілде оқыту – бұл аса маңызды болып тұр», – дейді. Оның айтуынша, Бауыржан Момышұлы айтпақшы «Бір тіл білген адам – бір адам, екі тіл білген адам – екі адамның» заманы келді.
Елбасы «келешекте әрбір отандасымыз қазақ, орыс, ағылшын тілін еркін меңгеруіне мейлінше жағдай жасалуы керек» деді. Өйткені, әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Жиналғандар, алдымен, осы мақсатта жоспарланған жұмыстарды белсенді қолға алған дұрыс деп тарқасты.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button