Жол жөндеу — екі ауысымда

Майқұдықтағы жол жөндеу жұмыстары екі ауысыммен жүріп жатыр. Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК жол жөндеушілерге көліктердің кедергісіз жүруін барынша тезірек қамтамасыз ету міндетін қойды. Асфальт қазір қала бағытында Көгілдір тоғандар аумағында салынуда. Құрылысшылар айдың соңына дейін Оңтүстік-Шығысқа қарай өтетін жол айырығына дейінгі бөлікті аяқтаймыз деп уәде берді.

– Қарқынды төмендетпеңіздер. Жұмыс жоспарын орындау үшін әр күнді барынша пайдалану қажет. Техника және жұмысшылар жеткілікті. Сондықтан, жұмысты жүргізбеуге себеп жоқ, – деді Жеңіс Қасымбек.

– Бүгінде «Сырдарияға» дейін жолдың бір жағында жұмыстар аяқталды. Екінші жағыталды, қозғалыс ашық. Қазір сол жақ бөлігінде жұмыс жүріп жатыр, – деді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің автожолдар секторының меңгерушісі Нұржан Тасмағамбетов. Күрделі жөндеумен қатар жарықтандыру тіректерін, жол қозғалысы белгілерін, бағдаршам объектілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Сантехника көшесінен Архитектур көшесіне дейін және «Қазақтелеком» ғимаратынан Винницкая көшесіне дейін жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Біртіндеп тіректер орнатылып, басқа көшелер қосылуда. Көгілдір тоғандардан Сантехника көшесіне дейінгі бөлікте су жиналатын жерлерде нөсер кәрізі орнатылды. 20 бағдаршам қарастырылған, оның 15-і орнатылды. Жолды 428 тірек пен 328 тротуар шамдары жарықтандырады. 16 шақырым жаяу жүргінші жолы абаттандырылады. Жеңіс Қасымбек сондай-ақ, 7-ші магистральді де тексерді. Оның басым бөлігі – ашық. Қазір жол құрылысшылары НМК (ХМК) ауданында, соның ішінде, жол өткелінде жұмыс істеп жатыр. Негізін дайындап, апта соңына дейін асфальттауға кіріседі. Жөндеуден кейін жол бес жолақты болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.