АймақШет

Жол азабы азаяды

Өңірлерді байланыстыратын күре жолдың да, ауыл-ауылға қатынайтын қара жолдың да жолаушыға жайлы болғаны қандай жақсы. «Жол азабын жүрген біледі» дегендей, Шет ауданындағы шешімін күткен күрделі мәселенің бірі – автокөлік жолдарының жағдайы. Биыл ауданда бес ауылдың және 56 кірме жолдары жөнделді.

жол азабы

Көктем шыға аудан арқылы өтетін республикалық маңыздағы жолдар, кентке кіреберіс, айналма көшелер мен және кентті басқа елді мекендермен байланыстыратын бірқатар маңызды автокөлік жолдарын қайта жөндеуден өткізу басталып кеткен болатын. Ауданда биыл барлығы 64 шақырымнан астам автожол орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның ішінде, 30 шақырым – облыстық маңызы бар жолдар, 15 шақырым – ауылдық округтерге тиесілі, 19,1 шақырым – кентішілік және ауылдық жолдар. Мамандардың мәлімдеуінше, 64 шақырым жолдың жөндеу жұмыстары аяқталған.

– Ауданда ауылдық елді мекендердің жол инфрақұрылымын құруға көп көңіл бөлінеді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Батық, Бұрма, Дария, Көктіңкөлі және С.Сейфуллин ауылдарындағы жолдар орташа жөндеумен қамтылды. Сондай-ақ, жергілікті бюджет қаржысынан Ақсу-Аюлы, Ақжал, Жұмыскер және Талды ауылдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық бюджеттен өткен жылы біз 56 кірме жолды жөндей бастадық. Биыл бұл учаскелерді орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, – дейді Шет ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Дархан Смайылов.

Бөлім басшысының айтуынша, Ақадыр кентінде жалпы ұзындығы 4,9 шақырым жеті көшеде жөндеу жүріп жатыр. Онда 21 шақырым жол төселген. Сондай-ақ, Ақадырдан Өспен және Жарық ауылдарына дейінгі жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Өткен жылдары жол төсемінің бір бөлігі ретке келтірілген. Биыл тағы 30 шақырымды қамту жоспарлануда. Мердігерлердің жұмысын бақылауды тиісті құзырлы орындармен бірге, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Қарағанды облыстық филиалының мамандары жүргізіп отыр.

Айта кетейік, автокөлік жолдарын жөндеуге биыл Шет ауданына облыстық, аудандық бюджеттен 944 млн.теңге қаржы қарастырылған. Облыстық бюджеттен 473 млн.теңге және аудандық бюджеттен 471 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде, 173 млн. теңгесіне 1 округке қарасты аудандық маңызы бар және 10 елді мекеннің ішкі көшелерінің жалпы 24,1 шақырым автокөлік жолдарын жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Шет ауданы

Нұрдос КӘРІМ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button