Жаңалықтар

Жол апаты жиілеп кетті

Соңғы уақытта Қарағандыда ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты жол апаты да жиі орын алуда. Өткен аптадағы деректерге сүйенсек, көктайғақтың салдарынан 10 жол көлік  оқиғасы тіркелген.

3 наурызда, сағат 15.50 шамасында Тәттімбет көшесі – Күнгей шағын ауданы қиылысында №41 жолаушылар автобусы мен VOLVO жүк көлігі соқтығысқан. Апат кезінде автобуста 10 жолаушы болғаны белгілі болды. Зардап шеккен жолаушылар жоқ. Ал, автобус жүргізушісі жарақат алған.  Дәл осы күні Щтурманская – Гудермесская көшелерінің қиылысында №5 бағытта қатынайтын автобус Chevrolet маркалы көлігімен соқтығысқан.

4 наурызда №31 және №43 жолаушылар автобусы аялдамада соқтығысып қалды.

Осы фактілердің барлығы бойынша Қарағанды ​​облысының полиция департаменті тергеу амалдарын бастады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button