Бас тақырып

Жоба жеңімпаздарына – миллион теңге

Аймақта «Zhas project» жобасының жеңімпаздары анықталды. Конкурсқа бар­лығы 196 өтінім түскен. Со­ның ішінен әлеуметтік ма­ңыз­ды деген 14 жоба авторы шағын грант иегері атанып, 1 миллион теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.

Сурет О.Бородулинаның мұрағатынан

Конкурсқа қатысуға наурыз-сәуір айларында өтінім қабыл­дау жүргізілген болатын, енді қо­рытындысы шықты. Ұйымдас­тырушылардың айтуынша, жоба жас­тарды нәтижелі жұмыспен қам­туға көмектеседі.

Жеңімпаздардың бірі Теміртау қаласының тұрғыны Ольга Бородулина өз мамандығы бойынша жұ­мысын жалғастыратынын айтады.

– Менің жобам ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту, дамытуға бағытталған. Мамандығым – дефектолог. Балалардың әлеуметтенуіне көңіл бөлемін. Грант қаражатына кабинетімді жаңа техникамен жабдықтап, әдіс­темелік материалдарды жаңартамын. Бұл менің қызметімді сапалырақ етеді деп ойлаймын. Бүгінде тұрақты келетін 10-15 бала бар, – дейді ол.

«Zhas Project» жергілікті аймақтың әлеуметтік мәселелерін ше­шуге, кәсіпкерлік идеялары мен бастамаларына жәрдемдесуге ба­ғытталған. Оның ішінде, әлеуметтік осал, NEET санатындағы жастарды қолдауға басымдық береді.

Қолдау тапқан жобалар арасында фаст-фуд, барбершоп, ротоботехника үйірмесін ашу, дұрыс тамақтану өнімдерін өндіру сияқты жобалар бар.

Биыл «Zhas Project» еліміздің барлық өңірінде құзырлы министрлік және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» үкіметтік емес ұйымы тапсырысымен жүзеге асырылуда. Жоба аясында 2024 жылы барлығы 280 шағын грант беру жоспарланған.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button