Жоғалып кеткен 18 жастағы такси жүргізушісі Алматы облысынан табылды
Астана қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын такси жүргізушісі ретінде жалдамалы көлікпен Қарағандыға кеткен кеткен 18 жасар ұлының жоғалып кеткенін айтып арызданған. Ол мереке күндері жолаушыларды Астанадан Қарағандыға жеткізіп, кейін хабарсыз кеткен.

Оның Алматы облысына барғаны туралы ақпарат тарап, екі қаланың және Алматы облысының полицейлері хабар-ошарсыз кеткен такси жүргізушісіне іздеу салды. Бүгін жоғалған жігіт Алматы облысындағы ойын клубтарының бірінен табылғаны мәлім болды.
– Астана қаласы полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері жоғалып кеткен астаналықты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі кентіндегі компьютерлік клубтан тапты, – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ