Басты тақырып

Жігіт

Ұмытпасам, бес жаста болуым керек. Әкем атын ерттеді. Құйысқаны мен өмілдірігін реттеді. Көтеріп алып, ерге мінгізді. Аяғымды таралғыға салды. Үзеңгіге аяғым жетпейді. Қолыма тізгінді ұстатты. Атын сауырынан жай ғана сипап, алақанымен сәл ғана леп беріп жіберді. Күрең тайпала жөнелді. Анам үйдің алдында қарап тұр. Разы. Басым айналды. Мүлде бір биікке көтеріліп кеткендей көріндім. Әдетте атқа мінгенде әкейдің алдында отырасың. Қауіп-қатер жоқ. Бұл жолы жалғыз өзің. Аққораны бір айналып келдім.

 

– Міне, жігіт болдың, – деп атынан түсі­ріп алды әкей.

Кейін барып бағамдайсың. Өмір солай. Көшпенділер ұрпағының дәстүрі екен ғой. «Атқа мініп, тізгінге ие бол» деген ишара. Еліңе, жеріңе, сөзіңе, барың мен жоғыңа.

Жігітсің бе, мігітсің бе, оны қалың қауым өзі айырып алады кейін.

Мағауия СЕМБАЙ

Басқа материалдар

Бір пікір

  1. Мақала жас кезді ойға түсіреді. Тамаша. Бірақ тақырыбы дұрыс емес сияқты. Тоқым-қағар болуы керек. Слекең неге тоқым қағар жасамады екен? Мәке оны түзету оңай. Қарағандыдан Ерғазы мен Мейірқанды, Астанадан Әлкенді шақырсаң болғаны.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button