Жаңалықтар

Жезқазғанда көше атаулары өзгереді

Жезқазған қалалық ономастикалық кеңесі көше атауларын қайта қарау туралы қоғам өкілдерінен келіп түскен өтінішті саралап жатыр. Бүгінде жауапты орган 27 көшенің атын өзгерту туралы талқылау өткізуде. Алдағы уақытта ондаған көшенің атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Ortalyq.kz Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Ескірген көше атауларын тарихи жер-су аттарымен өзгерту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Құжат қалалық мәслихат қарауына жіберілді. Одан әрі көпшілік тыңдау ұйымдастырылып, соның нәтижесімен нақты шешім шығарылады.

– Идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын, мән-мағынасы жоқ көшелердің атауы өзгертілетін болады. Көше атауын ауыстырғанда қала тұрғындарының есебінен ешқандай қаражат жұмсалмайды. Қазіргі таңда құжаттарды электрондық түрде ауыстыруға болады. Қаражат жергілікті бюджет есебінен ауыстырылатын көшелердің аншлагтары мен пилондарына ғана жұмсалатын болады, – дейді қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлзада Шомаева.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button