Жаңалықтар

Жеті жылда 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Елімізде 130 мыңнан астам отбасы өткен жылы баспанаға қол жеткізген. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу туралы міндет қойғанын атап өтті, деп хабарлайды Ortalyq.kz qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, халық тарапынан құрылыс жұмыстарының сапасына, олардың бей-берекет салынуына, уақытылы іске қосылмауына қатысты шағым өте көп.

Үкімет басшысы тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды іске қосу бойынша осы жылға арналған барлық жоспарлардың толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді және 1 қыркүйекке дейін кезекте тұрғандардың тізімін белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан өзектендіруді тапсырды. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button