Жерлестер есе жіберді

Хоккейден ел чемпионатының кезекті турында қарағандылық «Сарыарқа» сырт алаңда көкшетаулық «Арлан» клубымен кездесті. Алғашқы ойынның нәтижесі бойынша жерлестер қарсыластарына есе жіберді. Есеп – 4:0.

Сурет: prosports.kz сайтынан алынды

Алғашқы айналымда ешқандай нәтиже тіркелмеді. Екінші айналымнан бастап алаң иелері шабуылды үдетті. 20-шы минутта – Данила Карабан, 21-ші минутта – Захар Пархоменко, 22-ші минутта – Владислав Дюкарев шайба салып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Соңғы айналымда Егор Буяльский төртінші шайбаны салып, ойынға нүкте қойды. Енді қос команда арасындағы екінші ойыны қалды.

– Қарсылас осал емес. Чемпионаттың лидері. Негізі, керемет ойын өтті. Алайда, екінші ауысымда үш гол қатарынан кіріп кетті. Одан кейін шайбаға иелік ете алмадық. Енді қарымта ойынға дайындаламыз, – деді шабуылшы Радель Фазлеев. 

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.