Спорт
Жерлесіміз – Әлем чемпионы
Самбо күресінен ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионатында қарағандылық Боранбай Тергеубеков Әлем чемпионы атанды.
8-10 қыркүйек аралығында Орал қаласында өткен байрақты бәсекеде біздің елдің спортшыларынан бөлек Франция, Болгария, Қырғызстан, Ресей, Грузия, Жапония, Армения, Германия елдерінен келген 600-ден аса ардагер палуандар бақ сынаған.
Дүбірі әлемді шарлаған чемпионат Орал қаласының туған күніне орай, қаладағы Мұз спорт сарайында өткен. Аса ауыр салмақтағылар арасында топ жарған жерлесіміз дзюдо, самбо және қазақ күресінен спорт шебері.
Ұлттық ат спортының дамуына да белсенді қолдау көрсетіп, ұзақ жылдар бойы асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысып жүрген жерлесіміздің жарқын жеңісі – елдің мерейі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,
ortalyq.kz