Жерлесіміз – Азия чемпионы
Ескек есуден Токиода өткен құрлық біріншілігінде теміртаулық спортшы Виктор Степанов керемет нәтиже көрсетіп, 200 метр қашықтықта бірінші орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздың жаттықтырушысы Владимир Петровтың айтуынша, чемпионатқа дайындық ойдағыдай өткен.
– Дайындық Әзірбайжан мен Өзбекстанда жүйелі түрде жүргізілді. Біз шынымен де алтын алатынымызға сендік, өйткені Виктор жарыстың осы түрінен 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болған болатын. Ал өткен жылы «әлемде» бесінші болды, биыл ол Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті. Осылайша ел намысын әлем чемпионатында қорғау мүмкіндігіне ие болды. Қарсыластардың бәрі мықты. Қашықтық өте қысқа және кез келген қателік сәтсіздікке әкелуі мүмкін. Нәтижеге ризамыз, енді мамыр айында өтетін әлем чемпионатында бақ сынаймыз, содан кейін тамыз айында Самарқандта өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз, – дейді Владимир Александрович.
Владимир Петров болса өз нәтижелеріне риза және оған жетуге айқын мақсат пен дұрыс көзқарас көмектесті деп санайды. Сондай-ақ ол жаттықтырушысы мен «ШВСМ» КММ басшылығына және Қарағанды облысының спорт басқармасына жаттығуын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ