Жаңалықтар

Желтоқсан құрбандарын еске алды

Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №34 мекемесі қызметкерлері желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында арнайы іс-шара өткізді. Аталмыш шараға мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов қатысып, мерекелік шараны тамашалады.

Cурет: №34 мекеме басшылығынан

– Биыл егемен еліміздің тәуелсіздік алғанына – 32 жыл. 16 желтоқсан қазақ елі үшін қастерлі күн. Алаңға шыққан жастардың ерлігін есте сақтап, тәуелсіздік жолындағы құрбан болған батырларға тағзым етер күн. Желтоқсан оқиғасы мәңгі біздің жадымызда сақталып, егемендігіміздің бір белгісі болып қалады, – деді Әсет Қызылов.

Іс-шара мерекелік концертке ұласты.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button