Желбіре, Жеңіс туы!

Екінші дүниежүзілік соғыста Жеңісті жақындатып, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың қызы – Әлия Қарағандыға келеді.

Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысында туғанымен, өмірі біздің өңірмен тығыз байланысты. Ол Балқаш қаласында білім алған.

Жеңіс күніне орай, облыс орталығында Р.Қошқарбаевтың ерлігін жаңғыртатын, Рейхстагты алу сәтін бейнелейтін қойылым қойылады. Осы іс-шараны көзбен көру үшін Әлия Рақымжанова да Алматы қаласынан арнайы келеді.

Іс-шараны өткізу туралы бастаманы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Төлеген Әшімов көтерген.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.