Жаңалықтар

Жеке құраммен жүздесті

Астана өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінің кітапханашысы Т.Смағұлованың ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының «Ауғанстан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Хасеновпен кездесу өтті.

Кездесуге 31775 әскери бөлімінің жеке құрамы мен 31775 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Т.Ташкеев қатысты. Кездесудің басты мақсаты – жастарды Ауғанстан соғысының ардагерлерімен таныстыру арқылы әскери, азаматтық борышты адал өтеуге, отансүйгіштікке баулу.

Кездесу барысында Талғат Хасенов «Ауғанстан соғысының ақиқаты» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада Ауғанстан жерінде болған соғыстың тарихи мағынасы туралы жан-жақты мәліметтер берді.

Талғат Хасенов ерлік пен елдіктің өнегесін көрсеткен батыр жерлестеріміз жайлы тебіренісін жеткізіп, жеке құрам тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, іс-шара соңында төраға әскери бөлім кітапханасына Ауғанстан соғысы туралы бірнеше кітапты ескерткіш ретінде табыс етті.

Д. Құрманғалиев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button