Жаңалықтар

Жедел желі

Елбасы міндеті – елдің ертеңі

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылында қазақстандық қоғамды тәуелсіздік, прогресс, гүлдену жолында сеніммен алға жетелеп келеді.

2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында Көшбасшымыз елі­міздің үшінші жаңғыруын алдыға міндет етіп қойды.

Бұл мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды моделі.

Экономикалық прогресті жаңғыртудың жоғары технологиясы негізінде осы міндетті жүзеге асыру – Қазақстан Республикасына дамыған отыз елдің қатарына кіруге мүмкіндік береді.

«Еліміздің бұл міндетті абыроймен атқара алатынына сенімдімін» дейді Пре­зидентіміз.

Өзінің Жолдауында Елбасымыз мемлекетті басқарудың саяси жүйесін демократияландыру стратегиясын ұсынады. Ол Қазақстан Республикасындағы заңнамалық және атқарушы құрылымдарға көбірек сенім артуды ұсынады. Халық таңдаған әр депутат пен шенеунік өздеріне артылған сенімді ісімен және әрекетімен ақтаулары керек!

Педагогикалық еңбектің ардагері ретінде көшбасшымыздың барлық қа­зақстандықтардың игілігі үшін білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік-эко­номикалық даму саласындағы басымдықтар туралы айтқан сөздері көңіліме қонды.

Жұмабике АХМЕДЖАНОВА,

аналар кеңесінің төрағасы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Кемел келешекке бастайды

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы болашағымызға зор серпін берді. Әсіресе, білім беру жүйесінің рөліне жаңа өзгерістер енгізу көзделді. Сонымен қатар, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігі Жолдауда нақты көрсетілген. Сондай-ақ, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу белгіленген. Қазақ тілінің басымдылығын оның мәртебесін көтеру алдыңғы орынға қойылған. Ал, ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі есебінде көрсетілген. Шынында да, ағылшын тілін меңгермей, жалпы ұлттық прогреске жете алмайтынымыз белгілі. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізу белгіленді. Жолдауда жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылған.

Ләззат МУСИНА,

аудандық мәслихат депутаты.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басты күш – бірлікте

Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр толса да Қазақстан Республикасы қарқынды даму нәтижесін көрсете білді. Оған дәлел екі үлкен жаңғырту кезеңі. Бірінші кезең нарықтық экономика қағидаларына сәйкес мүлдем жаңа мемлекеттің құрылуы болса, екінші кезең «2030 – Стратегиясы» және Астанамыздың елордаға айналуы, қалыптасуы. Бұл әрине, Елбасымыздың көрегендігі мен мықты саясатының, халқының бір аспан аясында бірлікті сақтауының, бейбітшілік пен тыныштық деген ұғымды бірінші орынға қойып, бірге күш жұмылдырып, бір ел болып атқарған жұмыстарының нәтижесі.

2017 жылдың 31 қаңтарындағы Елбасының халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуы тиіс екенін мәлімдеді. Осы табысты жолға, мақсатқа қарай табандылықпен ұмтылудың себебі бәсекелестік артуы, алпауыт мемлекеттер арасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып озып шығу, үлкен қажырлы еңбекті талап ететінін айта кетті. Біздің басты күшіміз – бірлікте! Сондықтан, кейінгі ұрпақ үшін осы еліміздің даму жолдарындағы Елбасымыздың саясатына етене араласқанымыз жөн деп санаймыз.

Киуаз КАДИРОВА,

АӨК МИК Приозерск қалалық аумақтық инспекциясы

мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Тәжірибеден – жаңа белеске

Елбасының кезекті Жолдауында басты бағыттар әлеуметтік салаға берілгеніне куә болдық. Бес түрлі негізгі басымдықтан тұратын Жолдауда Қазақстанның болашағына деген сенім ерекше көрсетілген. Сонымен қатар, бұл Жолдауда Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттілігі нақты түсіндірілді.

Қазақстанның Бірінші жаңғыруын еске алып, 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жайлы, жаңа мемлекеттің құрылғаны және көптеген қиындықтарды еңсере білген ел өткен кезең ішінде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді.

Екінші жаңғыру «Қазақстан – 2030» Стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы шынымен баға жетпес тәжірибе жинақталғаны анық. Үшінші жаңғыруды бастауға негіз болатын биылғы Жолдау қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір екенін Елбасы атап өтті.

Жолдаудағы негізгі 5 басымдық экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.

Қамар ЖАНАСЫЛОВА,

қалалық мәслихат депутаты.

СӘТБАЕВ қаласы.

Болашақтың бағдары

Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тә­жірибе жинақталды.

Енді, батыл қадам бастап, Үшінші жаңғыру бас­тал­мақшы.

Білім беру жүйесіндегі міндет – білім беруді эко­но­микалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламалары сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағытталуы қажет.

Сонымен бірге, ІТ-білімді, қаржылық сауаттылығы бар ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуіміз керек.

Қазақ тілінің басымдылығы сақтала отырып, үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу керек.

Ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі, 90 ақпарат ағылшын тілінде жарияланады.

2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады.

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы да іске асырылуда.

Жолдау Қазақстанның болашаққа қарай дамуына жол ашары анық.

Абай атындағы №2 лицейдің ұжымы.

БАЛҚАШ қаласы.

Жаңа міндет

жүктейді

Болашағымызды айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмай, оған қарсы тұруымыз үшін Елбасы Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойды.

Білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиістігін айта келе, міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталығына айналдыру әрі оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын бағыттауға қажеттігін атап берді.

Елбасы үш тілді оқудың іс жүзінде қалай жүзеге асатынын да айқын түсіндіріп өтті. Әсіресе, ауыл және қала мұғалімдерінің білім деңгейінің әртүрлі болуына байланысты ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізу қажеттілігін айтты. Бүгінгі таңда ағылшын тілі не үшін қажет, қазақ тілі шет тілінің көлеңкесінде қалып қоймай ма деген сұрақтарға, Елбасының Жолдауы жауап болды деп ойлаймыз.

Жыл сайынғы Жолдаулар алдымызға жаңа міндет қоюда. Біз халық болып жүзеге асыру арқылы жаһандық бәсекеде еліміздің гүлденуі жолында еңбек етудеміз.

Ғ. ХАСЕНОВ,

М.Сүлейменов атындағы мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button