Бас тақырыпЖаңалықтар

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдіктінің ісі сотқа жолданды

Қарағанды облысының полиция департаменті жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты істің сотқа жолданғанын хабарлады.

Сурет: qamqor.gov.kz

Ішкі істер органдары Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіге қатысты алғашында бұзақылық мақсатында денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 2024 жылдың 1 ақпанында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптамасы  нәтижесінде жәбірленушінің алған жарақаты жеңіл дәрежеде екені анықталды. 21 ақпанда қылмыстық іс айыптау қорытындысымен прокурорға жіберілді, ол шешімнің заңдылығын тексеріп, күдіктінің ісін сотқа жолдады, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, күдіктінің әрекеті бұзақылық санатына жатқызылған. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының соңында Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалған болатын. Шабуыл жасаушы Нұрболат Дәкебаевқа жүргізушінің арнайы көлікті қойғаны ұнамаған. Ол жүргізушінің бетінен және денесінен бірнеше рет ұрған. Оқиға салдарынан жүргізушінің миы шайқалып, мұрын сүйектерінің жабық сынуы, кеуде қуысы мен бетінің жұмсақ тіндері контузия алған. Оқиғаны жедел жәрдем фельдшері видеоға түсіріп алып, кейін видео желіде тарап, жұртшылықтың наразылығын тудырған болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button