Жедел оқыту жүйесі
Мемлекеттік тілді дамыту және танымалдылығын арттыру жөніндегі «Soyle» жобасы аясында жаңа бағыттар қолданысқа енгізілуде.
Жаңғыртылған интернет-ресурс өз тұтынушыларына қазақ тілін әдеби-ауызекі тілде анағұрлым жылдамырақ және тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді. Жағымды жаңалықтың игілігі тілді үйренуге ықыласты қалың қауымға биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолжетімді.
Жобаны әзірлеуші тарап – мемлекеттік тілді дамыту қоры мамандарының мәлімдеуінше, жаңа оқыту жүйесінің басты мақсаты – тіл үйренушілерге алғашқы қиындықтарды еңсеруге жәрдемдесу, әңгіме барысындағы негізгі тірек сөздерді дұрыс пайдалана отырып, еркін сөйлеуге қалыптастыру.
Алғашқы кезекте тәжірибелі оқытушылар онлайн режиміндегі конференция арқылы оқытуды тегін жүргізбекші. Осы ретте қазақ тілін мобильді қосымшалар арқылы үйренуге болатынын атап өткен жөн.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»