Бас тақырыпЖаңалықтар
Жазда оқушылар жұмысқа қалай тұра алады?
20 мамырдан бастап «Электрондық еңбек биржасы» порталында жазғы уақытта жұмыс істегісі келетін 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған «Менің жазғы демалысым» атты арнайы бөлім жұмыс істей бастады, – деп хабарлайды ortalyq.kz KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

– Бұл бөлім оқушылар мен студенттерге жазғы демалысты тиімді өткізіп қана қоймай, алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға және еңбек дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.