Жазасын өтеушілер мекемеде «Көрісу күнін» атап өтті

14 наурыз – Қазақстандықтар дәстүрлі «Көрісу күні» мерекесін тойлады. Бұл күні тұрғындар бір-біріне қыстан аман шығуларымен, көктемнің келуімен құттықтап, жылы лебіздерін айтып, амандық тілеп, көріседі.

Осы орайда, Қарағанды ​​және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД №36 мекемесінде жазасын өтеушілер мерекені ерекше өткізді. Бұл күні сотталғандар жиналғандардың барлығын көктемнің басты тағамы – Наурыз көженің дайындалуымен таныстырып, барлығына дәм татқызып, сонымен қатар ұлттық ойындардың мән-маңызын сөз етті.
Әділет майоры А. Кошкинов елдің тарихын біліп,дәстүр мен әдет-ғұрыптарды сақтау жазасын өтеушілерге оң әсер ететінін атап өтті.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.