Жаңалықтар

Жазасын өтеушілер арасында «Абай оқулары» байқауы өтті

Қарағандыдағы №34 мекемеде «Абай күнін» мерекелеу аясында жазасын өтеушілер арасында тұңғыш рет қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай оқулары» атты әдеби байқау өтті. Оған мекемедегі 10 жазасын өтеуші қатысты. Аталмыш байқауға мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов арнайы қатысты.

Абай Құнанбайұлы

– Бұл байқаудың мақсаты Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және қазақ әдебиетінің классиктерімен жақынырақ таныстыру. Ақынның шығармашылығын насихаттау, жазсын өтеушілердің арасында мәдениетті, эстетикалық талғамды дамытуға қолдау көрсету, – деді Әсет Қызылов.

Қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Қатысушылардың арасынан үздіктері іріктеліп, жүлделі орындар үлестірілді.

– Мұндай байқаудың өтетінін жасақ бастығынан естідім. Мекеме кітапханасына барып, ақынның шығармашылығын оқи бастадым. Әр шығармасы өзіңді дамытуға, келісім мен достыққа, жақсылыққа шақырады. Әрі көптеген қызықты дүниелерді үйрендім. Ақынның өміріне деген қызығушылығым оянып, «Абай жолы» романын бастадым, – дейді сотталушы Р.Ганбаров.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button