Ресми

Жастарды жігерлендіретін жоба

Zhas Project шағын гранттар конкурсына өтінімдер қабылдау 25 наурыздан басталады. Биыл өңірдегі әлеуметтік жобаларды қолдауға 14 грант бөлінеді. Жобаның биылғы жылғы операторы – «Қазақстанның Экологиялық Қоры» қоғамдық қоры. Өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында өткен брифингте жоба жайлы айтылды.

Сурет: «Қазақстанның Экологиялық Қоры» қоғамдық қоры

Спикерлердің айтуынша, жоба NEET санатындағы жастарды ынталандыруға бағытталған.

– Zhas Project әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы NEET санатындағы 18 жастан 35 жасқа дейінгі жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. Конкурстың ережесімен  zhasproject-karaganda-kos­tanai.kz  веб-порталында танысуға болады. Әлеуетті қатысушылар веб-ресурста жеке тіркеуден өтуі, сауалнаманы толтыруы және қажетті құжаттарды тіркеуі тиіс. 24 наурызға дейін ақпараттық-түсіндіру науқаны өтеді, ал өтінімдерді қабылдау 25 наурыздан басталады, – деді «Қазақстанның Экологиялық Қоры» қоғамдық қорының президенті Айгүл Әбдуалиева.

Конкурсқа өтінім беру үшін жеке куәліктің көшірмесін, электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттен облыс аумағында тіркелгенін растауды, қатысушының осал мәртебесін растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

– Қатысушы NEET санатына жататын, өтінім берген уақытта тұрақты немесе уақытша 3 ай тіркеуде болған, жасы 18-35 аралығындағы ел азаматы болуы тиіс. Былтыр 23 өтініш түсті, оның 14-і қолдау тапты. Биылғы конкурсқа Қарағанды және Қостанай облыстарының тұрғындары қатыса алады, – деді ол.

Шағын гранттар конкурсына қатысу туралы қосымша ақпаратты call-орталықтың +7-777-870-27-00 нөмірі бойынша алуға болады. Конкурстың қорытындысы осы жылдың қараша айында өтетін форумда жарияланады.

Айта кету керек, Zhas Project жобасы 2022 жылы Алматы, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан және Ұлытау облысында пилоттық режимде басталған. Былтырдан бастап еліміздің барлық өңірінде іске асырылуда. Ол ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы NEET жастары арасында кәсіпкерлік деңгейін арттыруды көздейді. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысымен іске асады. Өңірде оның амбассадоры болып облыстың жастар ресурстық орталығы табылады.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button