Бас тақырып

Жастар жұмыссыз қалмайды

Биыл облыста «Мүмкіндіктер марафоны» атты тың жоба іске қосылды. Бағдарлама еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін жастарға бағытталған. Осы орайда облыстағы жастар мәселесі жөніндегі Кеңес қарағандылық жастардың жұмысқа орналасу мәселесін қозғады. Жұмыссыз жастар санатына ерекше назар аударды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

– Жұмыссыздар санатындағы жастардың мәселесін шешу мақсатында оларға бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Қолданыс­тағы мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, еңбек және салық заңнамасының нормалары төңірегінде ақпарат береміз. Сондай-ақ, заңгерлер және психологтар да бұл істе белсенділік танытуда, – деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұржан Ілияш.

Қазіргі таңда елімізде «өз ісімді ашамын» деген жастарға грант беру жалғасуда. Оған қоса тегін кәсіптік бағдар беру курстары да бар. Жас мамандар үшін жеңілдікті ипотеканы пайдалануға мүмкіндік те қарастырылған.

Кездесуде сондай-ақ, «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» және «бірінші және екінші топтағы мүгедектер» санаттарындағы жастарды әлеуметтендіру бағдарламасының жобасы таныстырылды. Оның негізгі бағыттары қатарында жұмысқа орналастыру, өз ісін ашу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, заңгерлік және психологиялық көмек көрсету қарас­тырылған.

Сурет ұйымдастырушылардан

Отырыста түлектер үшін өңірлік инфрақұрылымды дамыту қажеттігі баса айтылды. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру жайы сөз болды.

Бүгінде жергілікті оқу орындарында аталған міндет жүктелген арнайы орталықтар бар. Бос орындар жәрмеңкелері, мансап күндері өтіп, ірі және шағын кәсіпорындардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button