Жастар Серік Сәпиевтің жүлдесін сарапқа салмақ
Қарағандыда Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, даңқты жерлесіміз Серік Сәпиевтің жүлдесі үшін бокстан жасөспірімдер арасында ХІ республикалық ашық турнир өтеді.

Турнир Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында қарашаның 21-і мен 26-сы аралығында өтпек. Турнирдің ашылу салтанаты 22 қараша сағат 15.00-ге жоспарланып отыр.
Байрақты бәсекеге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Қазақстанның мықты боксшылары қатысады деп күтілуде.
Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталмақ.
Турнир жекпе-жектерін сағат 13:00-ден 18:00-ге дейін тамашалауға болады. Кіру тегін.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ