Приозерск

Жастар пікір алмасты

Жуырда қала жастары арасында «Болашақ белсенді жастар қолында!» тақырыбындағы пікірталас өтті.

Іс-шараның жастарға патриоттық тәрбие беруде маңызы зор.

Дебат Карл Поппер форматы құрылымдарына сәйкес бағаланды. Талқылауға ұсынылған тақырыптар – «Елімің патриоты болу маңызды», «12 жылдық білім жүйесі», «Қазақстан жастарының мемлекет саясатындағы орны».

Тақырыпты «Spies», «Парасат», «Жалын» және «Ақиқат» топтары өзара ортаға салып, пікір алмасты.

Қазылар алқасы әділ төрелігін жүргізіп, шәкірттердің ой жүйріктігін, тақырыпты ашуын, нақты дәлелдер келтіре сөйлеуін, позициясын қатаң ұстауын қадағалады. Нәтижесінде, «Жалын» тобына – 3 орын, «Spies» тобына – 2 орын, «Парасат» тобына 1 орын берілді.

Сондай-ақ, «Мәңгілік Елдің жастары» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында оқушылардың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық акт тақырыптары бойынша баяндамалары тыңдалды. Әр сыныптан оқушылар өздерінің пікірлерін білдіріп, тақырып төңірегінде ой бөлісті.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button