Жаңаарқа

Жастар биігі

    Жаңаарқа жұрты өнерпаздарына тағы бір мәрте құрмет көрсетті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат ҚОЖЫҚАЕВ облыс орталығында өткен Халықаралық «Тұлға» байқауындафф «Сахна шебері» бөлімі бойынша топ жарған жас өнерпаздармен кездесті.

Өнерпаздар драмалық қойылымдар байқауында бас жүлде иеленді. Өнерлі топтың құрамындағы өнерлі жастар – Жұмажанов ауылдық округіндегі Жаңаарқа орта мектебінің жоғарғы сыныптарында оқиды. Байқауда Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазыбек бидің бала кездегі төрелігі» тақырыбындағы қойылымды сахналаған. Оқушылардың өнеріне қазылар алқасының төрағасы, ақын Мұхтар Шаханов тәнті болып, оң бағасын берді. Нәтижесінде өнерпаздар 8 команданың арасында көш бастады.

Бұл орайда, аталған мектептегі «Жас таланттар» тобының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарқыт Қадырбекова мен аудандық Мәдениет үйінің қызметкері, режиссер Бейсенбай Оспановтың еңбегін ерекше атап өту қажет.

Байқау қорытындысында Әлия Көшкінбаева, Асқар Хамзе, Бекжан Болатбек, Жасұлан Жахин, Бекзат Нағманов арнайы дипломдармен марапатталса, топ жетекшілері «Үздік оқытушы» номинацияларына ие болды.

Салтанатты кездесуде Қанат Қожықаев өнерпаздарды құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.

Индира АСАМИДАНОВА,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button