ЖаңалықтарРуханият

ЖАСТАР АБАЙДЫ ЖАТҚА ОҚИДЫ

Жақында Жайық Бектұров атындағы кітапхананың мұрындық болуымен жергілікті ұлт өкілдерінен емес жастар арасында Абай оқуларының оныншы байқауы өтті. Оған қаламыздың жоғары оқу орындары мен мектептерінің студенттері және оқушылары қатысты.

Бірден айтайық, жастар Абайды оқиды екен. Оқығанда жатқа оқиды екен. Тіпті, қарасөздерін жатқа оқушылар да болды. Абай данышпанның дастандарын жатқа оқыды десек не дейсіздер?

Бұл жолғы байқау ашық аспан астында өтті. Жастар кітапхана алдындағы ұлттық нақышта көмкерілген алаңда бірінен кейін бірі өнер асырып жатты.

Байқау қорытындысы бойынша гран при жүлдесін Қарағанды коммерциялық колледжінің бірінші курс студенті Юрий Михуля жеңіп алды. Тағы да үш жүлдегер – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің І-ші курс студенті Ольга Калмыкова, Қарағанды көлік колледжінің студенті Руслан Панишев, Назарбаев зияткерлік мектебінің оныншы сынып оқушысы Светлана Кобушко бағалы сыйлықтарға ие болды.

Байқау соңы Абай ескерткіші алдында поэзия кешіне айналды.

Төрехан МАЙБАС

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button