Жаңалықтар

Жас жайдарманшылар сайысы өтті

Қарағандыда облыс әкімінің кубогына колледж студенттері арасында КТК финалдық ойындарының жеңімпаздары анықталды. Қазақ және орыс лигаларында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Тіфә-Тіфә» және Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің «Нам пора» командалары чемпион атанды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Сурет: ұйымдастырушылрдан

«Тіфә-Тіфә» командасы болашақ жеті педагогтан тұрады. Олардың барлығы әзілқойлар. Қазақ лигасында олар сұлулық пен этика тақырыбын талқылады.

– Біз КТК-да екі ай ғана ойнаймыз. Бірақ, бұған қарамастан басқа командалар арасында І орынға ие болдық. Ойын өте әсерлі болды. Бізге көптен бері жайдарманда жүрген балалармен бәсекелесу қиын болды. Бізге қолдау білдіргендеріңіз үшін көп рахмет! Біз 250 мың теңгеге сертификат ұтып алдық. Бұл ақшаны команда мүшелеріне арналған форманы тігуге жұмсауды жоспарлап отырмыз. Болашақта біз табысты өнер көрсетіп, колледжімізге тағы жеңіс әкелгіміз келеді, – деді команда капитаны Толғанай Боранқұл.

Орыс лигасындағы финалдық ойындар да қызу өтті. Оларға алты команда қатысты, олардың арасында бірінші орын Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің «Нам пора» командасына бұйырды.

– Біздің командада – сегіз адам. Әрқайсымыз үшін КТК – бұл өмір салты. Біз күнделікті өз ойларымызды жазамыз. Ал, ойдан әзіл туады. Көбінесе бұл импровизация. Финалда біз үшін негізгі қарсыластар «13 район» және «Инстасамцы» командалары болды. Біз өзімізге сенімді болсақ та, бұл жігіттер өте күшті қарсыластар. Жеңіс бізге 0,1 балдық артықшылықпен келді, – дейді команда капитанының көмекшісі Әділет Егінбаев.

Болашақта «Нам пора» командасы Жоғары лигаға кіріп, Қарағанды облысынан тыс жерлерде танымал болғысы келеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button