Жаңалықтар

Жас жұбайлар референдумға қатысты

Бүгін шаңырақ көтергелі отырған жас жұбайлар ел тарихындағы маңызды күні өз азаматтық көзқарастарын білдірді.

Сурет автордан

Той қарбаласына қарамастан, уақыт тауып, №73 референдум учаскесінде дауыс беріп шықты.

– Біздің дауысымыз Қазақстанның болашағына әсер етеді. Той күні жарты жыл бұрын белгіленген. Бұл жақсы сәйкестік деп ойлаймын. Осы мәселелеге қатысты бірқатар деректер оқыдым, Сабина екеуміз ақылдастық. Бұл істе әр адамның дауысы маңызды. «Бізсіз де өтеді» деуге болмайды, – дейді Асылхан Төлегенов.

– Ата-анамыз референдумға қатысатынымызды біледі, бізді қолдады. Олар қолы тигенде келеді деп ойлаймын, – деп қосты Сабина Болатова.

Өз кезегінде №73 референдум учаскесі төрағасы Мария Жакина жас жұбайларға тәтті сый тарту етіп, ізгі тілегін білдірді.

Аталған сайлау учаскесінде Сарыарқа және Дүйсембеков көшелерінен 2 860 адам тіркелген.

– Учаске сайлау процесіне толығымен дайын. Өткен жұма күні жауап беру бюллетеньдері әкелінді. Сайлаушылар таңертеңнен белсенді. Халық әдетте лек-легімен келеді. Таңертең және кешкі уақытта әдетте көбірек келуі мүмкін. Қазіргі уақытта 100-ден астам келді. Егер қандай да бір себептермен тізімге енбей қалған адамдар болса, нақтылап, тізімге енгіземіз, – дейді Мария Жакина.

Жансая ОМАРБЕК,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button