Жаңаарқа

Жас құтқарушылар сынға түсті

     Жаңаарқа аудандық төтенше жағдайлар қызметі және өртке қарсы күрес мекемесінің ұйымдастыруымен Құтқарушылар күні кәсіби мерекесіне орай, «Жас құтқарушылар» командалары арасында сайыс өткізілді. Бәсекелі сынға аудандағы бес мектептің өкілдері қатысты.

Маңызды шараның ашылу рәсімінде сөз алған аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшысы Аян Сүлейменов сындарлы сайыс оқушыларды төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларына үйретуге, өзгелердің қауіпсіздігіне деген жауапкершіліктерін арттыруға ықпал етерін атап өтті. Ол сонымен қатар, ізгі ниетті іс-шараның балалардың өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтарына кәсіби бағдарлануын мақсат тұтатынына назар аударып, ойын шарттарымен таныстырды.

Қатысушылар  «Үгіт-насихат бригадасы», «Дабыл бойынша жиналу», «Жауынгерлік қанат жаю», «Іздеу-құтқару жұмыстары», «Арқан тартыс» секілді кезеңдерде күш сынасып, машықтарын арттырды. Сайыс барысында барлық командалар төтенше жағдай кезіндегі аса қажетті теориялық білімдері мен тәжірибелік біліктіліктерін жағымды сипатта таныта білді.

Жарыстағы жалпыкомандалық есеп нәтижесі бойынша озық көрсеткішке қол жеткізген  №132 ЖОББ мектебінің құтқарушылар командасы (капитаны – Еркебұлан Жақан)

І орынды жеңіп алып, арнайы Кубокті иемденді. Бұл жетістік – команда жетекшісі Еркебұлан Өміртаевтың мақсатты әрі тынымсыз еңбегінің жемісі.

Нұргүл ШАМАЕВА,

№132 ЖОББ

мектебі директорының

ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button