Жаңалықтар

Сарбаздардың құрметіне кеш өтті

Әлихан Бөкейхан ауданындағы Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінде Ұлттық ұлан 5451 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 2022 жылғы шақырылым сарбаздарының құрметіне орай салтанатты кеш өтті. Салтанатты шараға Орталық аймағының әскери прокуроры, әділет полковнигі Данияр Жұмаділов қатысып, ізгі тілегін жолдады.

Суреттер: Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Шара барысында әскери прокурор мен бөлім командирі, подполковник Рауан Омаров әскери борышын үлгілі атқарғаны үшін бірқатар сарбаздарға «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбековтің, облыстық полиция департаменті, 5451 әскери бөлімінің командирінің бұйрықтары жеткізіліп, Құрмет грамоталары табысталды. Одан бөлек, 9 сарбазға еліміздің жоғарғы оқу орындарына түсуіне сертификаттар табысталды.

Марапаттау рәсімі аяқталған соң салтанатты шара «Теміржолшылар» бірлестігі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button