Ұландар колледж студенттеріне түсіндірме жұмысын жүргізді
Ұлттық ұлан 5451 әскери бөлімінің офицерлері жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің тиімділігін арттыру мақсатында Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында студенттерге Ұлттық ұланның құрылымы мен қызметі баяндалды.

– Басты мақсат – жастарға патриоттық тәрбие беру. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та осы мәселені баса айтқан болатын. Әскери тәртіпке мектеп жасынан баулу қажет. Сол себепті жыл сайын өтетін шақырылым жұмыстарына қатты мән беріледі. Ел қорғайтын азаматтар қатарын сапалы толықтыруымыз қажет, дейді взвод командирі лейтенант Таир Омарханов.
Шара барысында колледж студенттері офицерге сұрақтарын қойды. Пікір алмасты.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz