Жаңалықтар

Жас отбасылар баспаналы болуы үшін жеке бағдарлама енгізу мүмкін бе?

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға мәжіліс депутаттары: «Жас отбасылар баспаналы болуы үшін жеке бағдарлама енгізу мүмкін бе?» деген сауал жолдаған болатын. Депутаттардың сұрағына Премьер-министрдің бірінші орынбасары жауап беріп, тұрғын үй мәселесіне қатысты жайттарға кеңінен тоқталды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол еліміздің бірқатар өңірінде жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 5 пайыз жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы әзірленіп жатқандығы жайында баса айтты.

– Қазіргі уақытта еліміздің бірқатар өңірінде жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 5 пайыз жеңілдікпен кредит берудің өңірлік бағдарламалары іске асырылуда. Атап айтқанда, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Абай облысында жастар бағдарламалары іске асырылып жатыр. Осы бағдарламаларға 2017-2022 жылдары аралығында жергілікті бюджеттен және Отбасы банкінің қаражаты есебінен 65,2 млрд. теңге (жергілікті бюджеттен 49,9 млрд. теңге және банк қаражатынан 15,3 млрд. теңге) бөлінді, – деді Роман Скляр.

Сонымен қатар, «Жас отбасылар баспаналы болуы үшін жеке бағдарлама енгізу мүмкін бе?» деген сауалға:

– Республикалық бюджеттің шектеулерін, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен басым қамтамасыз етуді ескере отырып, осы кезеңде жас отбасылар үшін жеке бағдарламаны енгізу мүмкін емес, – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Айта кетcек, қазіргі уақытта мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде 636,3 мыңнан астам адам тұр. Оның ішінде 415,7 мыңы – әлеуметтік осал топтағылар.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button