Жаңалықтар

Жас офицерлер балы өтті

Саран қаласында дәстүрлі жас офицерлер балы өтті. Шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығы және полиция департаменті мен әскери прокуратура, басқа да күш құрылымдарының әскери қызметшілері қатысты. Барлығы 20 жұп өнер көрсетті. Қатысушылар бір күнге қатал тәртіп пен әскери форманы ұмытып, салтанатты шараға арналған киімдерімен мың бұрала биледі. Жалпы, қаламызда жас офицерлердің облыстық балы 2009 жылдан бері өткізіліп келеді.

Суреттер: ҚР Қорғаныс министрлігі, медиа-контент орталығынан

Мерекелік іс-шараның мақсаты – әскери қызметтің беделін арттыру, әскери өнерді дәріптеу дейді ұйымдастырушылар.

– Бүгінгі шараға құрметті қонақтар қатарында Саран қаласының әкімі, әкім орынбасары, әскери қызметкерлер мен Ішкі істер органдарының өкілдері, прокуратура қызметкерлері болды. Менің ойымша, мұндай іс-шара әскерилердің оның ішінде жас офицерлердің имиджін арттыруға ықпал етеді. Біз офицерлік балды жақсы дәстүрге айналдырғымыз келеді. Бұл шараны Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне арнадық. Әскерилер арасындағы офицерлер балы ежелден бекзаттықтың, ханымдарға деген көзқарастың, сүйіспеншілік пен адалдықтың символы болып табылады, – деді 44803 әскери бөлімі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметкері Айгүл Орумбаева.

 

Қатысушылар үш апта бойы кәсіби хореографтармен біріге жұмыс жасап, мерекеге дайындалған. Олардың айтуынша, мұндай іс-шаралар өзін-өзі дамытуға, әскери маман иелерінің беделін арттыруға және патриотизмді қалыптастыруға ықпал етеді. Жас офицерлер балының соңында қатысушыларға естелік мүсіншелер сыйға тартылса, қазылар алқасымен үздік деп танылған I, II, III орын иеленген жұптар тиісінше ақшалай сыйақыға  ие болды.

Айдын ТОНТАЙТЕГІ,

Қарағанды гарнизонының баспасөз қызметкері 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button