Жаңалықтар

Жас әншілер Халықаралық байқауда топ жарды

Алматыда П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Әр бала жұлдыз» Х Халықаралық балалар-жасөспірімдер байқауы өтті. Оған Шет аудандық мәдениет үйінің «Арай» вокалдық студиясының 12 жастағы тәрбиеленушісі Кәусар Сияз қатысып, байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды.

Вокал үйірмесіне бір жылдан астам уақыт қатысып жүрген Кәусар Жанар Дұғалованың «Ізін көрем» әнін орындап, үздік атанды. Ал, 12 жастағы тағы бір қатысушы Айша Ахмедия «Менімен ойнама» әнін, 11 жастағы Сезім Аманбол «Мен қазақтың қызымын» әнін орындап, жүлделі ІІ орын иеленді. «Туған өлкем» әнін орындаған 12 жастағы Балнұр Ақтан мен «Мама» әнін шырқаған 9 жастағы Айзере Амантай жүлделі ІІІ орын иегерлері атанды. Жас қатысушыларға «Арай» вокалдық студиясы мен ансамблінің жетекшісі Арайлым Артықбаева жетекшілік етіп, бірге барып қайтқан.

– Бұл менің үлкен сахнадағы дебютім. Мен қатты уайымдадым. Бірақ қазылар алқасы менің өнерімді, күш-жігерімді бағалады, мен Гран-приді жеңіп алдым. Маған музыка өте ұнайды. Мен әлі болашақ мамандық туралы шешім қабылдаған жоқпын. Бірақ, менің ойымша, музыка әрқашан менімен бірге болады, – дейді Каусар.

«Арай» студиясының 16 тәрбиеленушісі биыл облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардан жүлделі орындармен оралған. Енді сол жүлдегерлермен алдағы уақытта Ақсу-Аюлы кентінде есеп беру концертін өткізуді жоспарлап отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button