Жас өнертапқыштар тартуы

    Кеше облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында «Болашақ энергиясы – 2017» көрме-форумы өтті. Облыстық деңгейдегі іс-шара Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» көрмесіне орайластырылды.

Маңызды іс-шараға өңірлердегі іріктеу кезеңінен өткен аудан, қала мектептері мен облыстық мамандандырылған мектеп-интернат оқушылары мен облыстық балалар үйі тәрбиеленушілері қатысты. Өз жұмыстарын таныстырған жас дарындар қатарында колледж студенттері де бар. Кешегі көрменің өзінде жалпы саны 56 жоба қорғалды.

Көрмені өткізуге облыстың білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мұрындық болды.

Өнертапқыштар алаңындағы байқау «Жасыл ғаламшар», «Екінші өмір», «Экология» және «Энергияны үнемдеу» бағыттары бойынша ұйымдастырылды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын «Балалар бастауы – 2017» республикалық байқауына жолдама алды.

Бір қуантарлығы, балалар Елордамыз – Астанада өтетін Халықаралық көрмеге үн қосқандарын мақтанышпен сөз етті, ерекше әсермен тарқасты.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.