Жас буын – жарқын болашақ

 

Жуырда Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қаланың «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Аталған шараның басты мақсаты – жастар арасындағы суицидтің алдын алу және деңгейін төмендету. Модератор ретінде О.Панасади сөйледі. Семинарға барлығы жүзге тарта адам қатысып, №2 орта мектеп оқушыларымен кездесу, жалпы білім беру мектептерінің және балабақша психологтарымен, әлеуметтік мекемелер, сондай-ақ ХТЖ қызметкерлерімен семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Кездесу барысында О.Панасади оқушылардың эмоционалдық жай-күйін бақылап, оларға стрестік жағдайдан қалай құтылуға болатынын жеткізді. Сонымен бірге, жастар арасында суицидтің алдын алу туралы бағалы теориялық ақпарат беру әдістері мен формалары талқыланды және тәжірибелік әдістемесімен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылар да әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар қызығушылықпен тыңдап, талқылауға белсене қатысты.

Семинарда қаламыздың мұғалімдері мен қызметкерлері жұмыс барысында кездесетін маңызды мәселелерге қатысты лайықты жауап алып, ұсынылған әдістемеге іс жүзінде үлкен қызығушылық көрсетті. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.

С.БЕЙСЕКЕЕВ,

Жастар ресурстық орталығының директоры.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.