Приозерск

Жарымжан жанға жылу сыйлады

       Жаңа жыл қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Приозерск қалалық филиалының төрағасы Қайрат КАМЗИН және филиал төрағасының бірінші орынбасары Дулат ДҮЙСЕМБАЕВ қала тұрғыны, екінші топтағы мүгедек Светлана СОКОЛОВАҒА 60 мың теңге тұратын «Ariston» су жылытқышын сыйға тартты.

      Светлана Соколова «Нұр Отан» партиясының Приозерск қалалық филиалының төрағасы Қ.Камзинның қоғамдық қабылдауында болып, ыстық судың жоқтығына байланысты құрылғының қажеттігін айтып, өтініш білдірген екен. Оның айтуынша, Жаңа жылда бір жақсылықтың боларына үміттеніпті. Тұрғынның сөзін жерде қалдырмаған «Нұр Отан» партиясының өкілдері артқан сенімді ақтап жарымжан жанның жанына жылу сыйлағандығына Светлана Соколова алғысын жеткізді.

     Сонымен қатар, осы күні «Нұр Отан» партиясының Приозерск қалалық филиалы 10 әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы балаларына Жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

Өз тілшімізден.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button