Жаңалықтар
Жаны жайсаң бауырым еді

Оралбекті қаршадай күнінен танушы едім. Ақтоғайдың «Арқа еңбеккері» газетінде бірге қызмет атқардық. Талантты журналист еді. Елінің жақсысына баладай қуанып, жаманына көңілі құлазып жүруші еді. Ажал күтпеген жерден оны да ала жөнелді…
Ол топырағына кие қонған Үш Арыстың елінде туған-ды. Осы топырақтың қасиеті оның бойынан ақтарыла көрініп тұрушы еді. Алдың бейіш, артың кеніш болғай, бауырым. Сенің орының Қызыларай-Шатырша-Бектауата төңірегінде үнірейіп тұратын болды енді… Хош, бауырым!
Серік Ақсұңқарұлы,
ақын,
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері